Қазақ күресінен Азия чемпиондары белгілі болды

Қазақ күресінен Азия чемпиондары белгілі болды

26 тамызда Астанада “Дәулет” спорт кешенінде өткен қазақ күресінен Азия чепмионаты өз мәресіне жетті. Турнирде 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі және абсолютті салмақ бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салды.

Төменде жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

55 кг

Алтын - Ербол Алдухан (Қазақстан)

Күміс - Бухчуиун Даваанаям (Моңғолия)

Қола - Оятолла Қожаев (Тәжікстан)

60 кг

Алтын - Оспан Дауылбай (Қазақстан)

Күміс - Шохрух Нуриддинов (Өзбекстан)

Қола - Иппей Наккано (Жапония), Унибжлед Лхагважамтс (Моңғолия)

66 кг

Алтын - Басхуу Йондонперенлей (Моңғолия)

Күміс - Нұрболат Ізімғалиев (Қазақстан)

Қола - Донияр Сұлтанбаев (Өзбекстан),  Разиовлок Лойков (Тәжікстан)

74 кг

Алтын - Ахмет Назаров (Түрікменстан)

Күміс - Әпсамат Мәтқасымов (Қырғызстан)

Қола - Наурызбек Майлашев (Қазақстан), Пуребдава Бат-Ердене (Моңғолия)

82 кг

Алтын - Ерсін Сейтқазинов (Қазақстан)

Күміс - Алишер Кудайбердиев (Узбекистан)

Қола - Сейи Такигашира (Жапония), Туменнасан Ерденетоғтох (Моңғолия)

90 кг

Алтын - Әділжан Ыстыбаев (Қазақстан)

Күміс - Тенгиз Батсайхан (Моңғолия)

Қола - Сариар Икромов (Узбекистан), Дурди Кожагулов (Түрікменстан)

100 кг

Алтын - Тувшынжарғал Ган (Моңғолия)

Күміс - Бауыржан Қабаев (Қазақстан)

Қола - Куршед Шәріпов (Тәжікстан),  Ихлас Сетдаров (Түрікменстан)

+100 кг

Алтын - Серік Бердімұрат (Моңғолия)

Күміс - Дадохан Қурбаналиев (Тәжікстан)

Қола - Айбат Сейтен (Қазақстан),  Арнұр Сәрсенбаев (Өзбекстан)

Абсолюттік салмақ дәрежесі

Алтын - Айбек Нұғымаров (Қазақстан)

Күміс - Серік Бердімұрат (Моңғолия)

Қола - Танимото Сузуки (Жапония), Дадохан Курбоналиев (Тәжікстан)

Турнирде 20 мың АҚШ доллары сарапқа салынады: әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарға 1000 доллар,  күміс жүлдегерге 500 доллар,  ал қола медальға 300 доллар берілді. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, күміске 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталды.

Сонымен қатар “Турнирдің ең техникалық балуаны” атты номинацияға ие болған Басхуу Йондонперенлей (Моңғолия) Samsung Galaxy S8 ие болды. "Ең əдемі əдіс" үшін Алмазбек Бақыт уулуға Samsung Galaxy A8 сыйға берілді.

Ал қазақ күресінен абсолюттік чемпион Ұлан Рысқұлмен күресуге шыққан көрермен балалар арасында Samsung Galaxy ойнатылды.

Айта кетсек чемпионатқа қатысуға Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан мен Үндістан мемлекеттерінің спортшылары қатысты. 

Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істеді. Олардың арасында қазақстандық қана емес, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері бар. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан шақырылды.

Азия чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Самрұқ-Қазына әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары “Халықаралық қазақ күресі федерациясы” ЗТБ.

Айта кетсек, Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ның материалды емес мұралар тізіміне кіреді. Былтыр Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы құрылып, ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерация президенті болып сайланды. Жыл сайын осы спорт түрінен бірнеше халықаралық және республикалық жарыстар өтеді. Соның бірі 2017 жылы өткен Әлем чемпионатына 40 елден 160 балуан қатысты.