Qazaq Kuresi бойынша Польша чемпионаты 16 маусым күні өтеді

Qazaq Kuresi бойынша Польша чемпионаты 16 маусым күні өтеді

16 маусым күні  Qazaq Kuresi ұлттық қазақ жекпе-жек ережелері бойынша Польша чемпионаты өтеді. Бұл туралы польшалық федерация сілтемесі бойынша Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткізілетін орны – Собутка қаласындағы мектептердің бірі (Төмеңгі Силезия воеводасы). Жарыста 2002 жылғы және одан үлкен спортшылар қатысады, олар 6 салмақтық санатта (60-тан бастап және 100 килограмнан жоғары) жарысады. Күреске жалпы көлемі 8 метрлік 2 төсеніш бөлінеді.

Чемпионаттың жеңімпаздарын медальдармен, дипломдармен және де ақшалай марапаттайды. Сондай-ақ, бірінші орын үшін 200 доллар, екінші орын үшін 100 доллар, ал үшінші орын үшін 50 доллар (Польшалық ақша эквивалентінде) беріледі. Сонымен қатар, ең мықты күрескерлер ересек арасында Qazaq kuresi бойынша Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Ол Батуми (Грузия) қаласында, 23 маусым күні өтеді. 

Еуропалық пен Польшалық федерация, және де Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы Польша чемпионатының ұйымдастырушылары ретінде болды.

Өтінімдер

Жарысқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау - judosobot@gmail.com. Онда қатысушының туылған күні мен салмақтық санаты жазылу керек. Тапсыру уақыты – 15 маусым, сагат 22:00-ге дейін. Сонымен қатар, чемпионаттың спортшылары қолданыстағы медициналық анықтама мен жазатайым оқиғалардан сақтандыруды беру керек. Ұйымдастырушы кез-келген оқиға үшін жауапкершілік көтермейді.
Адрес: СОбутка, 55-050, Свидницка көшесі, 20-а, №1 бастауыш мектептің спортзалы
 
Киім формасы

Қатысушылар жекпе-жекке футболкада, қысқа ақ түсті спорт шалбарда және Ги күреске ақ-қызыл мен ақ-көк түсті киімде шығу керек.
Жарыс бағдарламасы: 
 
12:00-12:30 – ресми түрде салмақ өлшеу;
12:30-13:00 – жереби тастау;
13:00-16:00 – іріктеу сайысының басталуы;
16:00-16:30 –жарыстың ресми түрде басталуы және соңғы блок;
16:30-17:00 – жеңімпаздарды марапаттау.
 
Байланыс

Qazaq kuresi Польша федерациясы:
e-mail: judosobot@gmail.com.
тел. +48 608-736-094, +48 603-33-00-31.