27-29 қазанда Астана қаласында Qazaq Kuresi World Championship өткізілді

Ең көне спорт түрлерінің бірі Qazaq Kuresi World Championship 2017  бүгінгі күнде  Қазақтаннан өзге 
мемлекеттерде де  үлкен сұранысқа ие.  2016 жылы ЮНЕСКО qazaq kurestі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.  Биылғы жылы qazaq kuresi  Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет кірген болатын.  Qazaq Kuresi World Championship 2017 ұлттық спортты танымал етудің тағы бір қадамы болуы керек.
Жеңіс үшін 8 номинация бойынша палуандар күресті. 28 қазанда 55, 82, 90, 100, 100+ кг салмағы бар спортшылар өнер көрсетті. 29 қазан - 60, 66, 74 келі және абсолюттік санаты. 

Ірі жарыстардың ұйымдастырушысы – «Қазақ күресінің халықаралық федерациясы» ЗТБ.